«№8 «Думан» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«№8 «Думан» балабақшасы» МКҚК

№8 Думан балабақшасының «Бота» ересектер тобының тәрбиешісі Жұмағұлова Асия Каленовқызы 2019 жылдың 20 мамыр күні Нұр - Сұлтан қаласы Білім басқармасы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік педагог» республикалық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды. Байқаудың 3 кезеңінен де үздік нәтиже көрсетіп, Бас жүлдеге (696 000 теңге сертификат) ие болды. Асия Каленқызын жеңісімен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.