2020 ж. 10 - 15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс - шаралар мектепалды даярдық топтары мен ересек топтар арасында өткізілді. Ортаңғы топтарда тақырыптық ҰОҚ түрінде өткізілді. Қазіргі карантин кезіндегі санитарлық эпидемиялогиялық жағдайға байланысты ертеңгіліктер топтардан өткізілді. Сол себептерден де әрбір топ жеке - жеке өздері «Бір шаңырақ астында», «Тәуелсіз Қазақстан» т/б атты іс - шаралар ұйымдастырылып балаларға Қазақ ұлтының ерекшеліктерін, құндылықтарын, салт дәстүрлерін жылдар бой аңсап жеткен тәуелсіздікке қалай қол жеткізілгені бала санасына жастайынан айтылады. Ұлттық рухани бала бойында потриоттық сезім тудыра отырып елімізді, жерімізді ардақтап құрметтеуге тәлім тәрбие беріледі.
